Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1936 0 пікір 4 Тамыз, 2023 сағат 14:01

Bloomberg: Ресейлік миллиардерлер байып жатыр...

Әлемнің ең бай адамы ретінде танылған Илон Маск алты айда 105 млрд доллар пайда тауып, байлығы 242 млрд долларға жетті. Кейінгі орындарды Бернард Арно (198 миллиард доллар) және Жефф Безос (157 миллиард доллар) иеленген.

Мұны әлемнің ең бай 500 адамын анықтайтын Bloomberg Billionaires Index жариялады.

Әлемде миллиардерлер 2023 жылдың алғашқы жарты жылында 852 миллиард долларға байыған. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бұл әрбір миллиардер күніне 14 миллион доллар табыс тауып жатқанын білдіреді.

Ең бай адамдардың тізіміне енген Алишер Усмановқа алты айда 564 миллион доллар кіріс кірген. Ол 19 миллиард доллар байлыгымен дүниедегі ең бай адамдардың арасында 93- және Ресейдегі ең бай адамдардың арасында алтыншы орында.

Биыл алты айда ресейлік миллиардерлердің байлығы 32 миллиард долларға өскен.

ЛУКОЙЛ басшысы Вагит Алекперов 2023 жылдың бірінші жартысында ең көп кіріс кірген ресейлік миллиардер болды. Ол байлығын 5,9 млрд долларға көбейтіп, 21,3 млрд долларға жеткен. Ресейдің ең бай адамдарының тізімінде бірінде орында 29,8 млрд доллар байлығымен "Норникель" компаниясының иесі Владимир Потанин тұр. Ол алты айда 1,23 млрд доллар тапқан.

Abai.kz

0 пікір