Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1119 1 пікір 7 Тамыз, 2023 сағат 13:49

Ресейлік олигарх: Санкциялар әділетсіз...

Украинадағы соғысқа байланысты Батыс елдерінің санкциясына тап болған олигарх Алишер Усманов өзін Владимир Путиннің жақын адамы деп атауы дұрыс емес екенін айтып, өзіне қарсы санкцияларды әділетсіз деп атады.

Усманов Италияның Corriere della Sera басылымына берген сұқбатында Еуропа одағының сакциялары оның кәсібіне ғана емес, абыройына де зиян келтіргенін айтты.

"Менің компанияларым салық төлеп, соғысты қаржыландырып жатыр дегені әділетсіз. Себебі, Ресейде батыс елдерінің компаниялары да салық төлеп келді. Путин жөнінде айтсам, ол мені табысыма байланысты бірнеше рет марапаттады. Бірақ ол кезде шетелдіктер де осындай марапаттауға ие болған", - деді Усманов.

Ол журналистің "Украинаға басып кіру дұрыс па?" деген сұрағына жауап бермей, "мен саясаттан аулақ болып, адамдарды бөлмей, біріктіретін салаларда жұмыс істегенді дұрыс көремін. Бұл трагедиялы жанжал жақында дипломатиялық жолмен аяқталады деп үміттенемін", - деген.

Алишер Усманов — құрамында "Металлоинвест", "Удоканская медь" және "МегаФон" компаниялары кіретін USM тобының ірі акционері. ЕО елдері оны "Путинмен жақын байланыстағы адам" ретінде санкциялар тізіміне енгізген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387