Бейсенбі, 8 Қазан 2026
2574 1 пікір 8 Тамыз, 2023 сағат 13:47

Ресей ізі: Түркияның астық қоймасында жарылыс болды

Түркияның Деринже портында кемеге астық жүктеу кезінде жарылыс болған. Бұл жөнінде CNN Turk телеканалы хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, 13 адам зардап шеккен.

Топырақ өнімдері басқарма басшысы Ахмет Гүлдал жарылысқа қатты бидай тозаңы себеп болғанын айтты. Мәліметке қарағанда, порттағы 60 қойманың 13-і зардап шеккен.

Деринже қаласы әкімі Зеки Айгүн жарылыс радиусы 25 метрге жеткенін мәлімдеді.

"Бидайды экскаваторлармен шығарып жатырмыз, қоймада адамдар болды ма, жоқ па, тексеріп жатырмыз", - деді әкім.

Түркияның әділет министрлігі бункердегі жарылысқа байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 882
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1177