Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1727 5 пікір 8 Тамыз, 2023 сағат 13:55

Ресми: Соғыс символдарына тыйым салынбады

Ресейдің соғыс символдарын Қазақстанда таратуға "тыйым". Прокурор ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтында Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысымен, сондай-ақ "Шығыс Түркістан", "Күрдістан жұмысшылар партиясы" ұйымдарымен байланысты белгілері бар тауарларды Қазақстанда сатуға тыйым салу туралы ақпарат жарияланды да кейін өшірілді.

Жаңалықта есімі аталған Семей қалалық прокуратурасының прокуроры Қуат Бапинов та ақпаратты жоққа шығарды.

Саясаттанушы Ресей агрессиясын қолдайтын арнайы символикаларды Қазақстанда таратуға ресми тыйым салуды жасырудың артында биліктің Кремль алдындағы қорқынышы тұр деп санайды.

Соғыс символикаларының қасына «Шығыс Түркістан», «Күрдістан жұмысшылар партиясы» деген ұйымдардың атауын қосып қоюы да тайсақтаудың бір көрінісі дейді.

Abai.kz

5 пікір