Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1906 1 пікір 8 Тамыз, 2023 сағат 13:59

Қазақстан мұнай экспортын диверсификациялауға кірісті

Қазақстан өз мұнайын тасымалдайтын Каспий мұнай концорциуымы терминалы (КТК) орналасқан Новороссийск портының қауіпсіздігі мәселесін саяси деңгейде көтереді. Мұны Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгін үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты.

"Бұл мұнай терминалының тұрақты жұмыс істеуіне мұнай өндіруші ірі компаниялар да мүдделі", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның сөзінше, Қазақстан КТК құбырына байланып қалмауды көздеп отыр.

"Қазақстан өз мұнайын экспортқа шығару жолдарын диверсификациялауға кірісті. Баку-Жейхан бағыты бойынша келісім жасалды. Баку-Супса мұнай құбыры бойынша, "Дружба" мұнай құбыры бойынша да келіссөз өтіп жатыр", - деді министр.

КТК – Қазақстан мен Ресей және әлемдегі жетекші мұнай өндіруші компаниялар қатысатын аса ірі халықаралық жоба. Құбырдың ұзындығы 1,5 мың шақырым. КТК негізінен Батыс Қазақстан мұнайы мен Ресей мұнайын тасымалдайды.

Abai.kz

1 пікір