Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1448 1 пікір 9 Тамыз, 2023 сағат 13:05

Қазақстан Қырғыз майнингімен келісім жасады ма?

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Азаттыққа Қырғызстандағы майнинг компанияға электр энергиясын сатылған-сатылмағаны бойынша пікір білдірді.

"Бұл бойынша нақты мәліметті анықтау үшін маған уақыт керек. Басқаша айтқанда, біздің сатып алушы компаниямен экспортталатын энергияның көлемін енді ғана анықтадық. Менің білуімше, әзірге нақты келісімге келген жоқ. Бірақ мұндай мүмкіндік бар екенін растаймын. Энергетикалық компаниялардың деңгейінде келіссөздер жүріп жатқанын айтып қоюым керек", - деді Сәтқалиев.

Қырғызстанның энергетика министрі Таалайбек Ибраев 1 тамыздан бастап "Соларкоин" компаниясы электр қуатын Қазақстаннан алуға ниеттенген келісімін ұсынғанын және бұдан әрі Қырғызстанның энергетика саласы енді 5 сом 4 тыйын емес, 23 тыйын ғана қаражат алатынын мәлімдеген.

Балықшыдағы крипто ферма электрді жеке кәсіпкер Рахат Рысалиевтің ГЭС-інен алып жатыр деді.

Осының алдында Азаттықта "Кеминдегі майнинг компания кімдікі?" деген атпен зерттеу мақала жарияланған. Онда "Соларкоин" мемлекет өндірген энергиядан 30 МВт электр қуатын алатыны, компания қожайындары "НБТС КейДжи" фирмасы, Люй Цзиньчэн және Татьяна Мартынова екені, директор ретінде Айсана Исмаилова көрсетілгені анықталған. Бұл зерттеуге ел президенті Садыр Жапаров жауап беріп, көктем-жаз айларында электр киловаттын 5 сом 4 тыйыннан сатып, одан электр саласы миллиондаған қаражат тапқанын білдірген.

"Қамбар ата 2" ГЭС-індегі "МБТ Строй" компаниясы бойынша осыған дейін "Клооп" басылымы зерттеу жүргізіп, аталған компания 2022 жылы шілдеде Қырғызстанның азаматтығын алған ресейлік ірі кәсіпкер Алексей Зайцевке тиесілі екенін жазған. Зерттеушілер инвестор аталған "МБТ Строй" Бакиевтерге тиесілі екенін көрсеткен.

Abai.kz

1 пікір