Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1551 0 пікір 10 Тамыз, 2023 сағат 12:57

Екібастұзда шығармашылық үйі салынады

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының тапсырмасымен Екібастұз қаласында шығармашылық үйінің құрылысы басталатынын мәлімдеді.

«Кеше Президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтінішін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды. Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады.

Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды», - деп жазды Руслан желдібай әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, кеше үгін Павлодар өңіріне жұмыс сапарымен арнайы барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен, Екібастұз қаласының жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысып, одан кейін облыс тұрғындарымен, креативті жастармен әңгімелесті.

 

Abai.kz

0 пікір