Сенбі, 23 Қараша 2024
1551 1 пікір 14 Тамыз, 2023 сағат 14:04

Қаза тапқан орманшылар. Туыстарына өтемақы беріледі

Орман күзеті қызметкері қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан жағдайда, оның отбасының әрбір мүшесіне ақшалай төлем беріліп тұратын болады. Ашық НҚА порталында Үкімет басшысының тиісті қаулы-жобасы жарияланды. 

- Қоса беріліп отырған Қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) мемлекеттік орман күзету қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін, - делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, ақшалай төлем қызметтік міндеттерін атқару көз жұмған қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі.

Қызметкердің отбасы мүшелеріне жұбайы (зайыбы); кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін 23 жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады.

Ақшалай төлем отбасының әрбір мүшесіне қаза тапқан орманшының соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының 40 пайызы мөлшерінде беріледі.

Бұл ретте отбасының барлық мүшесіне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызынан аспауға тиіс.

Отбасы мүшелері үшеу және одан көп болған кезде әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың жүз пайызына тең үлес ретінде есептеледі.

Ақшалай төлемдермен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелерінің саны өзгерген кезде ақшалай төлемдердің мөлшері оны алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғайтылады немесе азайтылады.

Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502