Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2535 0 пікір 17 Маусым, 2013 сағат 17:04

Өскеменде мал дәрігерлері жаяу жүрмейді

Мал дәрігерлері енді мәшине машақатын көрмейтін шығар. Облыс орталығындағы Республика алаңында, өңіріміздің барлық ветеринарлық пункттеріне «Азия Автодан» шыққан су жаңа «Нива» автокөліктері салтанатты жағдайда табыс етілді.

«Агробизнес - 2020» бағдарламасының аясында атқарылып жатқан бұл шараның шынымен де ауыл шаруашылығы үшін берері мол. Көлік кілттерін  салтанатты жағдайда тапсыру рәсіміне облыс Әкімінің орынбасары Владимир Кошелев қатысты. Оның айтуынша, бүгінгі ауыл шаруашылығы саласын ветеринарлық қызметсіз көзге елестету мүмкін емес.

- Ветеринарлық қызметті дамыта отырып, біз өңіріміздегі азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етеміз. Ауру-сырқаусыз мал өсіретін өңірлер сапалы ет пен сүт өндіретіні анық. Сол себептен де ветеринарлық қызмет ешкімге жалынбай өз көлігімен, өз техникасымен жедел қызмет етуі керек, - деді облыс басшысының орынбасары.

 Өскеменнің орталық алаңына әрең сыйған 221 көліктің ішінде ветеринарлар жұмысына ауадай қажет құрылғылар орнатылған екен. Асыл тұқымды малдың ұрығы сақталатын орын, дезинфекциялық сепкіштер, тағы басқа арнайы хирургиялық аспаптар көлік ішінде дайын тұр.  

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсембай Селиханов жаңа көліктермен қамтамасыз етілген облысымыздағы ветеринарлық қызметтің бұдан былай сапасы тіптен арта түсетінін айтты. «Себебі жаз айларында ауылдағы мал атаулы алыс жайлауларда, таулы, қыратты жерлерде орналасады. Оған жету үшін арнайы көлік қажет. Ұсынылып жатқан «Нивалар» мал дәрігерлері үшін таптырмас техника» дейді ол.

Темір тұлпарларға ие болып жатқан ауыл шаруашылығы мамандарының қуанышында шек жоқ. Бесқарағай ауданындағы мал дәрігерлік қызметке басшылық ететін маман Кенжеғали Ипановтың айтуынша, бұл - еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мал дәрігерлеріне жасалып тұрған ең бір игі іс.

  Көлікті ең көп алған өңір Үржар ауданы – 26 автомобиль. Бұл ауданда орын алған аусыл ауруымен байланысты екені белгілі. Естеріңізге сала кетейік, Үржардың Ақшоқы ауылдық округінде мамыр айының ортасында 1373 бас ірі қара аусыл ауруының тырнағына ілініп, жергілікті ветеринарлардың жедел қызметінің арқасында жағдай жөнге келген болатын. Сонымен қатар, бұл ауданда ауылдық округтердің саны көп, ағымдағы жылы ауданда жаңа 27 ветеринарлық қызмет іске кірісті. Одан басқа аудандарға: Абай, Бесқарағай, Зайсан аудандары – 8, Аягөз ауданы – 22, Бородулиха ауданы – 16, Глубокое ауданы – 13, Жарма ауданы – 20, Зырян, Катонқарағай аудандары – 11, Көкпекті, Ұлан аудандары – 14, Күршім – 10, Тарбағатай – 17, Шемонайха ауданы – 9 көлікке ие болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404