Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2426 0 пікір 15 Маусым, 2013 сағат 17:09

Облыс әкімі: этноауыл ерекше назарда

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Өскемендегі этноауылда журналистермен кездесті. Бұл дәстүрлі шараға облыстық БАҚ жетекшілері және тілшілерімен бірге бірқатар республикалық БАҚ басшылары мен журналистері де қатысты. Басқосуда аймақ басшысы ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық табыстар жөнінде мәлімет беріп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

- Жалпы, облыстың тыныс тіршілігінен барлықтарыңыз

хабардарсыздар. Елбасының тапсырмасына сәйкес экономиканың даму қарқынын сақтап қалдық. Ең бастысы, қыстан қымтырылмай, аман шықтық. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда халықтың арыз-шағымы азайды, - деп сөз бастаған облыс басшысы өңір экономикасының әр саладағы даму жағдайын жеке-жеке жіліктеп айтты.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Өскемендегі этноауылда журналистермен кездесті. Бұл дәстүрлі шараға облыстық БАҚ жетекшілері және тілшілерімен бірге бірқатар республикалық БАҚ басшылары мен журналистері де қатысты. Басқосуда аймақ басшысы ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық табыстар жөнінде мәлімет беріп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

- Жалпы, облыстың тыныс тіршілігінен барлықтарыңыз

хабардарсыздар. Елбасының тапсырмасына сәйкес экономиканың даму қарқынын сақтап қалдық. Ең бастысы, қыстан қымтырылмай, аман шықтық. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда халықтың арыз-шағымы азайды, - деп сөз бастаған облыс басшысы өңір экономикасының әр саладағы даму жағдайын жеке-жеке жіліктеп айтты.

Жылдың төрт айындағы өндіріс өнімінің көлемі 336,9 млрд. теңгені құрап, 8,9 пайызға өскен. Бұл республикалық көрсеткіштен 4,4 пайызға артық. 2010-2012 жылдары Индустрияландыру картасының аясында 29 жоба жүзеге асып, бес мың адам жұмысқа тартылса, биыл қосымша бір мың жұмыс орнын қамтитын тағы сегіз жобаны қолға алу жоспарланған. Солардың ең сүйекті дегендері Өскемендегі толық циклді автозауыт пен автобөлшектер өндірісінің технопаркі, Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысы сынды тың жобалар. Қолға алынған 24 индустриялық жобаның 11-і 100 пайыз қуат күшіне еніп, аймақтың өндірісін жандандыра түсті. Өз қуатының 10 пайызын ғана игеріп отырған жобалар да жоқ емес. Ондай жобалардың ғұмырын баянды ету жолында қолдан келген шаралардың бәрі қарастырылуда.

Агроөндірістік кешенде құс етін өңдеу, қос сүт-тауарлы ферма ашу, «Елім-ай Көкпекті» агроөндірістік кешенін құру сынды ортақ құны 19,6 млрд. 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асар сәтін күтуде.

Тірек ауылдарды дамыту бағдарламасының аясында тек биылдың өзінде 855 жоба жүзеге аспақ. Негізгі капиталға құйылған инвестиция былтырғы жылдың салыстырмалы кезеңінен 33,4 пайызға артып, 614,4 млрд. теңгені құрады. Бұл инвестицияның негізгі бөлігі, яғни, 62,3 пайызы кәсіпорындардың өзіндік қаражаты есебінен түскен.

- Бір ғана №19 шағын ауданда 30-ға тарта тұрғын үй бой көтермек. Молдағұлова көшесінің бойында да бірнеше үй салынып жатыр. Ал олардың инфрақұрылымы бюджет есебінен қалыптасады, - деген облыс басшысы баспанамен қамту ісінде 10,2 пайыз көлемінде алға жылжу бар екенін, биыл 240-245 мың шаршы метр баспана игерілетінін атап өтті. Әлеуметтік бағдарламалардың тиімді жұмыс істеуінің арқасында жұмыссыздар саны 883 адамға кеміген. Бүгінгі таңда ресми түрде тіркелген жұмысшылар халықтың 14 пайызын құрайды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шеңберінде 12,5 млрд. теңге бөлініп, мыңнан астам адам қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары мен жастар тәжірибесіне тартылса, 2189 адам әлеуметтік жұмысқа тұрды.

Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді тұрғындардың шағымдары көлеңкелеп келе жатуы тегін емес екенін атай келе, аймақ басшысы бұл саланы халықпен жақындастыра түсу үшін әртүрлі шаралар қолданылып жатқанын ескертті.

- Облыс орталығындағы медициналық мекемелердің басым

бөлігі жекеменшіктің қолында болып келгенін білесіздер. Осындай алты мекеме оңтайландырылды. Жібек маталар комбинатында екі бірдей медициналық мекемені мемлекет меншігіне қаратып, ел игілігіне қарату үшін келісімдер жүріп жатыр. Бұл істі аяғына дейін жеткіземіз. Осыған дейін өңірдің шалғай елді мекендерінен шыққан түлектер үшін Семейдегі медициналық университеттен білім алу ауырлық тудырып келген. Осы мәселе алдағы уақытта шешімін табатынына үміттіміз. Облыс орталығында аталмыш оқу орнының филиалын ашу туралы бастамамызды Денсаулық сақтау министрлігі құптап отыр. Біз ғимаратпен қамтамасыз ететін боламыз, ал мамандар тартып, оқу үрдісін ұйымдастыру министрліктің міндеті болады, - деген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ дәрі-дәрмекті жеткізу үшін тендердің кешігіп өткізілуінен болатын тапшылық мәселесі де біржола шешілгенін еске салды. Елдің саулығын тексеріп, ауруларды алдын ала анықтау жолында облыс бойынша жұмыс істеп келе жатқан бес бірдей медициналық кешеннің қатары тағы біреуімен толықпақ.

Облыстық қан орталығының, онкодиспансер жанындағы сәулелік терапия орталығының, үш отбасылық амбулаторияның құрылысын тәмамдап, екі инсульт орталығы мен Өскемен, Семей қалаларында өткір қан тамыры синдромы бөлімдерін ашу – медицина саласындағы негізгі үміт артар жобалар.

Заң талабы баршаға ортақ

Аймақ басшысы білім саласындағы өзекті мәселелерге де кеңінен тоқталды. «Өткен жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша 12-ші орында қалуымызға жекелеген себептер де әсер етті деген күннің өзінде мақтануға тұрарлық көрсеткіш емес екенін білеміз» дей келе, ол биыл тестілеу нәтижесі бойынша кем дегенде алғашқы бестікке ену көзделгенін мәлім етті. Облыс аумағында салынып жатқан 31 мектептің 19-ын биыл аяқтау жоспарланып отыр. Олардың көбі апаттық жағдайда тұрған мектептердің орнын баспақ. «Балапан» бағдарламасының тетіктерін тиімді пайдаланып, мектеп жанынан шағын орталықтар ашу арқылы мектепке дейінгі тәрбиемен бүлдіршіндердің 96 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік туып отыр.

Спорт пен мәдениетті дамыту тұрғысында бой көтеріп жатқан нысандардың болашағы жайында ақпарат берген өңір басшысы «Ақ бұлақ» бағдарламасының жүзеге асуы мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асқан игі серіктестік жобалар жөнінде де мәлімет берді. Сондай-ақ, Бердібек САПАРБАЕВ соңғы кезде назарға көп іліккен жекелеген мәселелер жөнінде толымды түсінік берді.

Сондай мәселенің бірі - Серебрянка қаласындағы бейорганикалық өндіріс зауытына қатысты өрбігенін газетіміздің өткен сандарында хабарлағанбыз. Аймақ басшысы БАҚ өкілдеріне бұл зауыттың жұмысын қалпына келтіру үшін әуелі банкрот жариялау керектігін ұқтырды.

- Банкрот жариялаудың ар жағында кейбіреулер айтып

Жүргендей, біреудің меншігіне қарату әрекеті жатқан жоқ. 400-ге тақау адамның жұмыс орнын сақтап қалу - міндетіміз. Зауыттың қондырғылары ескіріп, кетеуі кетіп тұр. Ал оның жұмысын игеріп, әрі қарай жандандырып әкетуге кез келген кәсіпорынның әлеуеті жете бермейді. Сондықтан қазір «Қазинжиринг» ұлттық компаниясымен келісім жүріп жатыр, - деген облыс басшысы Зыряндағы жерасты суының кенет көтерілуі тұрмысына зиян келтірген жұрттың жағдайына да тоқталды.

- Бұл жерасты суы 2020 жылдарға қарай көтеріледі деген болжам

болған. Соңғы жылдары ылғалдың көптеп түсуінің әсерінен су ойламаған жерден көтеріліп кетті. Арнайы құрылған комиссия бұл оқиғаға қатысты даулы мәселелерді әлі де қарайтын болады. Әркім үй өзінікі болғаннан кейін оның күтіміне көңіл бөлуі керек, - деді аймақ басшысы.

Облыс Әкімі Шығыс ауылының төңірегіндегі дауға қатысты да өз пікірін білдірді. - «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша бой көтерген ауылдың келбетін өздеріңіз де көрген шығарсыздар. Бірақ сәні мен сапасы сәйкес келмейтін үйлер де бар көрінеді. Мердігерлер өз кемшіліктерін жөндейтін болады. Мектеп пен балабақша, медпункт салып бердік. Екі жыл бұрын бәрін жұмысқа орналастырғанбыз. Кейін сол жұмыстарынан шығып кетіпті. Біз ұсынған жұмыстар көңілдеріне жақпаса керек. «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша несие сұрағандарға несие де бердік. Соның арқасында кәсібін дөңгелентіп әкеткендер де бар. Өздігінен фотосалон, шаштараз, дүкен ашып жатқандар қаншама? Солардың бәріне қолдау көрсетіп отырмыз. Бүгінгі күні оралмандар үшін Үкімет барлық жағдайды жасады деп ойлаймын.

- Егер 468 үйдің барлығы бірдей қарызға белшеден батып отырса түсінер едім. Тек 170 үй ғана электр қуатын төлей алмай отыр. Демек, мәселе басқада деген сөз. Комиссия сол мәселелерді анықтау үшін үш топқа бөлініп жұмыс істеп жатыр. Мұндай қарыз қалайша пайда болғанын зерттеп жатырмыз. Бәлкім, есептегіш құралдары дұрыс емес шығар немесе тұрғындар электрді тиімді тұтынбай отырған шығар. Соның бәрі анықталғаннан кейін ғана шешім шығады. Бір анық нәрсе бар. Заң алдында барлық азамат бірдей. Сондықтан тұтынған электр үшін төлеу керек, - деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434