Құжатқа сәйкес, отбасылық және салт-дәстүрді теріске шығаратын, ата-анасын құрметтемейтін мәліметтер балаларға зиян әкелекетін ақпарат болып есептеледі.
Заң балаларды өз өміріне қол салуға, есірткі, темекі қолдануға, алкоголдік ішімдіктерді ішуге, құмар ойындарын ойнауға, жезөкшелік және қайыршылықпен әуестенуді оятатын мәліметтерге тыйым салынады.
Құжатқа сәйкес, "заңға қарсы әрекеттерді ақтауға", сонымен бірге анайы сөздерді қамтыған, порнографиялық мінездегі, адамдар мен жануарларға қатыгездікдік жасауға түрткі болатын ақпараттарды жариялауға болмайды.
Осыған дейін саясаттанушы Медет Төлөнөнов Kloop басылымына берген сұқбатында Қырғызстанда орыс заңдарын көшіріп алу процесі жүріп жатқанын айтқан.
Сонымен бірге ол Қырғызстандағы ЛГБТ-насихат туралы заң Ресейдегідей кеңінен жазылмағанын атап өткен.
Басылым сол мақалада соңғы жылдары Қырғызстан биліктің саяси қарсыластарын қаралау үшін гей-тақырыбын көп қолдана бастағанын мәлімдеген.