Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
1432 0 пікір 15 Тамыз, 2023 сағат 14:36

Тоқаевқа Сандуғаш Дүйсенова туралы ашық хат жолданды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады.

100-ден астам белсенді, журналист, қоғам қайраткерлері қол қойған ашық хат жолдаушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Бас прокуратураға, Жоғарғы сотқа және Ішкі істер министрлігіне қатысты үш түрлі талап қойып отыр.

Бас прокуратура – ​​қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын тексеру және негіз болмаған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді дереу тоқтатуды талап ету. Журналистті жеке тінтудің қандай негізі барын, сондай-ақ ОСК қосылған камераның астында толық экспозициямен жеке тінту жүргізу тәртібін тексеру. Бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты қажетті процессуалдық шешім қабылдансын.

Жоғарғы сот – тергеу судьясының журналистке жеке тінту жүргізу туралы шешімінің заңдылығын тексеру. Заңсыздығы анықталған жағдайда күшін жойып, тергеу судьясына тәртіптік шара қолдану.

Ішкі істер министрлігі – журналистке қатысты қылмыстық іс қозғауға және жеке тінтуге қатысқан лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеу тағайындасын. Заңды бұзған жағдайда кінәлілерді қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту, ал егер қызметтік құқық бұзушылық белгілері байқалса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастасын.

Естеріңізге сала кетейік, 11 тамыз күні жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенованы полицейлер тыр жалаңаш шешіндіріп, тінту жүргізіп, оны видеоға түсіріп алғандығы белгілі болды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3353
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6239