Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Билік 1393 2 пікір 16 Тамыз, 2023 сағат 12:38

Ауыл әкімдері біршама «жасарды» - Ерлан Қарин

Алдағы жексенбіде 3 облысқа қарасты 21 ауылда әкімдер сайлауы өтеді, деп мәлімдеді мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

Өткен жексенбі күні 17 ауылда әкім сайлауы өткен еді. Президенттің саяси реформалар бағдарламасы аясында ауыл әкімін халық тікелей өзі сайлайды. Бұл соңғы екі жылдағы жаңашылдық. Бүгінге дейін 1668 ауыл мен округ және аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланған.

«Сайланған әкімдердің жартысынан астамы бұрын мұндай қызмет атқармаған. Бұл ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарды деген сөз. Бұдан бөлек жергілікті әкімдердің құрамы да біршама «жасарды». Бүгінде сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жасты құрайды. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елдімекенде жаңадан әкімдер сайланады. Солайша, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды, - деп жазды Ерлан Қарин.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

2 пікір