Темірбанктің бұрынғы басшысының әкесі тонаушылардың қолынан қаза тапты
Алматы. 3 қырқүйек. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. БТА банктің ісі бойынша айыпталып отырған адамдардың бірі, Темірбанк басқармасының бұрынғы басшысы Әблахат Кебіровтың әкесі Әләкім Кебіров қарақшылық шабуыл кезінде тонаушылардың қолынан қаза тапты. Бұл туралы қазТАГ тілшісіне айыпталушының адвокаты Татьяна Самойленко хабарлады.
Оның айтуынша, Кебіровтар отбасына қарақшылық шабуыл жақын күндері жасалған. Тонау кезінде Ә. Кебіровтің әкесі өлтірілді. Оның анасы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Адвокаттың хабарлауынша, бүгін айыпталушының әкесі ақтық сапарға шығарып салынды.
«Алмалы ауданының судьясы менің қорғауымдағы Әблахат Кебіровқа жерлеу рәсіміне қатысуға рұқсат берді. Алайда Алматы қаласы бойынша ҰҚКД тергеу оқшаулағышының бастығы оны қамаудан босатпай отыр. Ол қазіргі уақытта айыпталушыға күзет бере алмайтынын айтты», - деп түсіндірді Т. Самойленко.
Белгілі болғанындай, банкирдің ағасы қайғылы хабар алғаннан кейін жүрек талмасынан көз жұмған.
Бұрын хабарланғандай, Ә. Кебіров М. Әблязов басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып отыр.