Бейсенбі, 8 Қазан 2026
2828 0 пікір 16 Тамыз, 2023 сағат 14:10

Қырғыз бен өзбек шекара мәселесін шешіп жатыр

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов 15 тамызда Қырғызстанға келді. "Ыстықкөл" халықаралық әуежайында оны қырғыз үкімет басшысының орынбасары Бақыт Торобаев күтіп алды.

Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әріпов Шолпан-Атада 16 тамызда қырғыз-өзбек үкіметтері бірлескен комиссиясының оныншы отырысына қатысады.

Кездесуде нақты қандай мәселелер қаралатынын баспасөз қызметі хабарламады.

Абдулла Әріпов Қырғызстанға соңғы мәрте 2022 жылғы желтоқсанда келген.

Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Өзбекстанға биыл наурызда барған. Кездесулерде екі ел президенттері қол қойған келісімдерді орындау мәселелері талқыланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 886
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1182