Қазақстан Үкіметі жылыту маусымына дайын ба?
Энергетика министрлігі еліміздегі жылу электр орталықтарының қысқа дайындығын бағалады.
Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы (Риддер), Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды және Ұлытау облысында ЖЭО-лардың жылыту маусымына дайындығы төмен нәтиже көрсеткен.
Жағдайы мүшкіл нысандар:
"Риддер ЖЭО";
"ГРЭС ТОПАР” (Қарағанды облысы);
"МАЭК" ЖШС ЖЭС;
"Кентау Сервис"МКК ЖЭО-5;
"Kazahmys Energy" ЖШС Жезқазған ЖЭО.
Жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған жағдайы орташа нысандар:
"Алматы электр станциялары" АҚ ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3;
"Атырау ЖЭО" АҚ;
"Согра ЖЭО" ЖШС;
"Өскемен ЖЭО" ЖШС;
"Таразэнергорталық"АҚ ЖЭО-4;
"Шахтинстеплоэнерго" ЖШС ЖЭО;
"Қарағанды-Энергоцентр" ЖШС Қарағанды ЖЭО-3;
Kazahmys Energy ЖШС Балқаш ЖЭО;
"Арселор Миттал Теміртау"АҚ ЖЭО-2;
ГРЭС-1 Bassel Group LLS ЖШС (Теміртау қаласы);
"ССКӨБ" АҚ Рудный ЖЭО;
"Арқалық ОЭК" МКК ЖЭО;
"Павлодарэнерго" АҚ ЖЭО-2;
"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС ЖЭО.
Былтыр министрлік Қазақстандағы 37 ЖЭО-ның 19-ы апатты жағдайда тұр деген еді. Жалпы тозығы жеткен жылу электр станцияларын жөндеуге 182 миллиард теңге кетеді. Шілде айының соңында үкімет резервінен жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд 400 млн теңге бөлінгені хабарланды.
Айта кетсек, Қазақстанда 1989 жылдан бері жаңа жылу электр станциясы салынбаған.
Abai.kz