Сенбі, 23 Қараша 2024
1613 0 пікір 16 Тамыз, 2023 сағат 14:33

Қазақстан шекарасынан 7 айда 20 млн астам адам өткен

Биыл 7 айда Қазақстан шекарасынан 20,5 млн адам өткен. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметтінің қорытындысына арналған брифингіде Шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғани Ағаділов айтты.

«Қазір Қазақстан Республикасының периметрі бойынша Үкімет қаулыларымен 101 өткізу пункті айқындалған. Оның ішінде авиациялық, теңіз, өзен, теміржол, автомобиль өткізу бекеттері бар. Қытай Халық Республикасымен арадағы шекарада 7 өткізу пункті ашылып, жұмыс істеп тұр. Қырғыз Республикасымен арада – 8, Өзбекстан – 11, Түрікменстан – 2, Ресей – 51, сандай-ақ 3 теңіз және 19 авиациялық өткізу пункті жасақталған. Өткізу пунктерінің барлығы мемлекеттер арасындағы келісімдерге сәйкес штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деді Ғ. Ағаділов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Өткізу пунктерінде шекарашылар құжаттарды тексеру барысында шекарадан өту заңдылығын қадағалайды. Шекара бұзушыларды анықтау, сондай-ақ шекара арқылы тыйым салынған материалдар мен заттарды алып өтудің жолын кесу мақсатында көлік құралдары тексеріледі. Тыйым салынған материалдар мен заттар санатына қару-жарақ, оқ-дәрі, есірткі, жарылғыш, уландырғыш, радиоактивті заттар жатады.

«Былтырмен салыстырғанда, 2023 жылдың 7 айында адамдар мен көліктердің шекарадан өтуі екі есеге артқан. Бұған еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетін арттыру, жаңа әуе бағыттарын ашу, келу туризмін дамыту мақсатында шетелдіктер үшін визалық және иммиграциялық ережелерді жеңілдету ықпал етті. Аталған кезеңде мемлекеттік шекара арқылы жалпы 20 млн 527 мың 689 адам, 4 млн 492 мың 435 көлік өткізілді. Тәулігіне орта есеппен 190 мың адамға дейін (оның ішінде 90 мыңға дейін шетелдік) және 30 мыңға дейін көлік өтеді», - деді Ғани Ағаділов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанға заңсыз кіруге әрекет жасаған шетелдіктердің саны артты.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475