Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2994 0 пікір 3 Қыркүйек, 2009 сағат 11:12

Қостанай облысында Қытайдан келген 48 заңсыз еңбек мигранты анықталды

Қостанай. 3 қырқүйек. ҚазТАГ – Қостанай облысының прокуратурасы шетел азаматтарының ел аумағына келу және елден кету мәселелерін реттейтін заңнаманы қолдану мен сақтауды, республикаға шетелдік жұмыс күшін тарту саласында халықты жұмыспен қамтуды тексеру барысында шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзу оқиғаларын анықтады. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлайды.

Бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызыл кірпіш дайындау және оны арту үшін ҚХР-дың 48 азаматын  жұмысқа заңсыз тартқаны анықталды.

Қытайдың барлық 48 азаматының әрекеттерінен ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 394б. 2б. - «визада көрсетілген мақсатқа сәйкес келмеуден байқалған шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның ҚР аумағында болу ережелерін бұзуының» белгілері байқалып отыр.

Облыс прокуратурасы жүргізген тексерудің нәтижесі бойынша, көші-қон қызметінің органдарына заңды бұзу деректерін жою туралы ұсыным енгізілді. Қазіргі уақытта ҚХР-дың 22 азаматы сот тәртібімен ҚР аумағынан шығару үшін қамауға алынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған азаматтарды әкімшілік жауапқа тарту бойынша шаралар қолға алынып жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371