Сенбі, 12 Сәуір 2025
2028 0 пікір 18 Тамыз, 2023 сағат 10:43

Шахтағы апаттан зардап шеккен 7 адам токсикология бөлімінде жатыр

18 тамыздағы жағдай бойынша «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен 11 кенші емдеу мекемелерінде жатыр. 

Олардың 2-еуі үй жағдайында амбулаторлық бақылауда. Барлығы 13 кеншіге медициналық көмек қажет.

Бұған дейін дәрігерлер ауруханада жатқан екі шахтер жан сақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырылғанын айтқан болатын.

«17 тамызда «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына» 9 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі реанимациядан токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауырлау. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға, гемодинамиканың тұрақсыздығына, уланудың токсикогендік кезеңіне байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты», - делінген хабарламада.

Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Олардың жағдайы – орташа ауыр. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1794
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4593
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3613