Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1232 0 пікір 18 Тамыз, 2023 сағат 16:14

Қарағанды шахтасындағы апат: Үшінші кеншінің денесі табылды

«Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен үшінші кеншінің денесі табылды.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасты.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір