Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4052 0 пікір 24 Маусым, 2013 сағат 10:43

Аналар «Алтын алқамен» ардақталды

Семейде ардақты және көп балалы аналарға құрмет көрсетілді. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Қалияс Жұмабай алтынқұрсақты аналардың кеудесіне «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін қадап, кітапшаларды салтанатты түрде табыс етті.

«Сіздер тек балаларыңыздың алдында ғана ардақты емессіздер. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, мемлекет алдында абыройларыңызды асырдыңыздар», - деп атап өтті А. Доғалақов.

Қалияс Жұмабай құттықтау сөзінде: «Үш жыл ішінде 2040 анаға осындай төсбелгілерді табыс еттік. Елбасының тапсырмасын сіздердің алдарыңызда орындап отырғандарымызға қуаныштымыз», - деді.

 «Алтын алқа» Төлеутай Ақбатиева, Светлана Дәуленбаева, Шамшан Теңізбаеваға табыс етілсе, «Күміс алқамен» көп балалы аналар Индира Жақиянова, Рашида Хайбуллина және Алтынсара Карипбаева марапатталды. Салтанат кезінде ардақты аналарды олардың балалары мен немерелері, қалалық ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар кеңесінің өкілдері құттықтады, деп хабарлады Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322