Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1721 0 пікір 21 Тамыз, 2023 сағат 11:18

Жапаров қазақ ақынына тұрпар тарту етті

Қырғызстан президентінің әкімшілігі 13 тамызда клубтар арасындағы көкбөріден әлем чемпионатының ашылуында президент Садыр Жапаров Бішкекте қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа сыйлық беретінін мәлімдеген, деп хабарлайды Halyq-uni. 

Президент әкімшілігі ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбеков Facebook-тегі парақшасына қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа айғырдың сыйға тартылғанын жазды.

20 тамызда президенттің менеджері Қаныбек Түмонбаев Садыр Жапаровтың сыйлығын табыс етті.

Еске сала кетсек, 13 тамызда Біржан Қалдыбаев Чолпон-Атада өткен көкбөрі бойынша әлем чемпионатының ашылу салтанатында өнер көрсетіп, Садыр Жапаровқа арнап сөз сөйлеп, екі халықтың достығын жырлаған болатын.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір