Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Бетбұрыс 2549 2 пікір 21 Тамыз, 2023 сағат 12:09

Sana Forum: Экономика тілі қазақша болуы керек!

15 тамызыда Алматыда «Sana Business Forum» өтті. Форумның басты мақсаты Үкімет, бизнес және ғылым арасында байланыс орнатып, ел экономикасының даму мәселелері, сын-қатерлері және мүмкіндіктерін талқылау болды.

Форумда білікті де белсенді қаржыгерлер, экономистер және кәсіпкерлердің басы бірігіп, экономика, бизнес және қаржы салаларында тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелердің шешімін табуға септігін тигізетін кәсіби платформа құрылды.

«Sana Business Forum» 50-ден аса сарапшы мен қонақ шақырылып, 300-ден астам қатысушы келді. Қатысушылар арасында ірі компания иелері, шағын және орта бизнес өкілдері, бизнес клуб төрағалары мен мүшелері болды.

Форумда ұлттық экономиканың жаңа моделі қандай болу керек, халықтың әл-ауқатын қалай көтеруге болады деген сұрақтары көтеріліп, еліміздегі өндірістік саясатты қалыптастырудың жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің негізгі мәселелері қарастырылып, шешу жолдары айтылды.

«Sana Business Forum» спикерлерінің қатарында Экономикалық саясат институтының директоры, Ұлттық Құрылтай мүшесі, э.ғ.д. Қайырбек Арыстанбеков, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаментінің директоры Мұхамеджанов Тұрар, Америкалық AES корпорациясының Арлингтондағы бас кеңсесінде робототехника мен дрондар жөніндегі бағдарламаның жаһандық жетекшісі Әсел Аяпова, Trade Help бизнес консультанты, Халықаралық HR клубының мүшесі Егембердиева Аида, Сентрас Иншуранс сақтандыру компаниясының персонал жөніндегі директоры, персонал жөніндегі менеджерлер қауымдастығының мүшесі Айгүл Қуатқызы, бизнес кеңесші, MBA бағдарламасының аға оқытушысы, Phd кандидат Жасұлан Күшебаев, кәсіпкерлерден «TasGroup» қаржы компаниялар тобының негізін қалаушы әрі басшысы Дулат Тастекей, Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры Jańa Post компаниясының негізін қалаушы Болатбек Дәлелханұлын, Lanzhou ресторандар желісінің негізін қалаушы Майгарина Гульбану, SONA lab, Med Progress, Nomad Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы Аслан Назаралиев, «Ялан сіздің қалаңызда» жобасының авторы Бахтияр Өсербекұлы, «Lactomarin», «Lamifaren» компанияларының иесі Әділбек Тұрғынбайұлы, EASYTAP жобасының негізін қалаушысы Мағзұм Төлеш және басқа да кәсіпкерлер болды.

Форумның бағдарламасына сәйкес III панельдік сессия өткізілді. Панельдік сессия модераторлары: Тележүргізуші, Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан, кәсіпкер, педагог-тәлімгер Ескендір Бестай, Коммуникация бойынша ОБСЕ ұлттық консультанты, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ PR менеджері, «PR-шы» клубының мүшесі, қаржы саласының шолушысы Айбар Олжай.

Панельдік сессияларда шағын және орта бизнесті масштабтау, мықты команда құру және кәсіптегі иновациялар тақырыптары аясында пікірлер талқыға салынды.

Форумға еліміздің белгілі БАҚ өкілдері қатысып, Youtube желісі арқылы тікелей эфир жүргізілді. Оффлайн қатыса алмаған қатысушылар онлайн қатысты.

Іс-шара толықтай мемлекеттік тілде өтті.

Abai.kz

2 пікір