Мекеме "ғарыштық аппарат есептелмеген орбитаға өтіп кетіп, Айдың бетімен соқтығысып, жоқ болуы мүмкін", деп есептейді.
Бір күн бұрын "Роскосмос" "Луна-25" кемесінде әдеттен тыс жағдай болғанын мәлімдеп, бірақ себебін көрсетпеген.
Станцияның апатқа ұшырауына байланысты арнайы комиссия құрылған.
11 тамызда Амур облысындағы "Восточный" ғарыш айлағынан "Луна-25" планеталар аралық станциясы ұшырылған. Бұл Ресейдің жаңа тарихындағы Айға жөнелтілген алғашқы миссия болған. Осыған дейін "Луна-24" станциясы 1976 жылы Совет Одағы тұсында ұшырылған.
Abai.kz