Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1375 3 пікір 21 Тамыз, 2023 сағат 12:51

Венгрия Орталық Азиямен әріптестікті нығайтпақ

Будапештте Венгрия басшысы түркі тілді мемлекеттердің президенттерімен кездесу өткізеді.

Осылай деген елдің сыртқы істер министрі Петер Сиярто бұл кездесуге Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан елдерінің президенттері келеді деді.

Сийярто Орталық Азия елдерімен әріптестікті кеңейту жоспары барын айтып, Будапештте Түркіменстанның, Ашғабадта Венгрияның елшілігін ашу жоспарланып жатқанын білдірді.

Сонымен бірге Ташкент пен Будапешт арасында тікелей әуе рейстері 20 тамыздан бастап ашылатыны айтылды.

"Ташкенттен бірінші ұшақ Будапештке 20 тамызда қонады. Жаңа жылдан бастап аптасына үш рейс қатынайды", - деген Сийярто.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 20 тамызда ресми сапармен Будапештке барды. Онда ол Венгрияның ұлттық мейрамына және жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионатына қатысты шараларға қатысады.

Abai.kz

3 пікір