Сенбі, 23 Қараша 2024
1838 1 пікір 22 Тамыз, 2023 сағат 11:46

Сырдарияға бір күнде 11 адам суға кетті: тергеу басталды

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Түркістан облысында Сырдария өзеніне адамдардың батып кету оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты. 

«Қазір іздеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар, тергеу органдары бұл оқиғаның себебін анықтауға кірісті. Қайғылы оқиға болған жерде суға шомылу үшін тиісті жағдай жасалмаған. Ол жерге төрт отбасы демалуға барған. Лауазымды адамдардың жауапкершілігі тексеруден кейін анықталады», - деді С. Шәріпханов Үкіметте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салайық, қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болды. Суға кеткендердің барлығы 4 ағайындының отбасы мүшелері, олар тыйым салынған жерге шомылуға барған.

Бұған дейін суға кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылғанын хабарланған еді.

Олардың баршасы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394