Сенбі, 23 Қараша 2024
1598 0 пікір 22 Тамыз, 2023 сағат 16:20

ОА басшылары Тәжікстанда бас қосады

Орталық Азия елдерінің президенттері кеңес алмасу үшін Душанбеде жиналады. Аймақ президенттерінің кездесуі 14-15 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин хабарлады.

Мәліметке қарағанда, кеңес алмасу кездесуінде ОА елдерінің басшылары маңызды құжаттарға қол қояды. Мемлекет басшылары қорытынды декларацияны бекітеді.

Душанбеде тағы екі келісім-шартқа қол қойылады. Құжаттардың құрлықтағы қозғалыс пен жастар саясатына қатысы бар.

СІМ басшысының айтуынша, Тәжікстан ОА президенттері кездесуі кезінде тағы 12 қосымша шара өткізуді ұсынған. Олардың арасында экономикалық форум, ғалымдар жиналысы, мәдени шаралар мен көрмелер бар.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392