Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі ұзартылды
Сот шешімімен бизнесмен, Алматы қалалық мәслихат депутаты болған Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартылды.
«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 16 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін», - делінген хабарламада.
Abai.kz