Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 2869 1 пікір 24 Тамыз, 2023 сағат 14:09

Қытай қадамы ОА адымын аштыра ма?

Дәл қазір әлем назары орыстың, АҚШ-тың және Қытайдың Орталық Азия мемлекеттерін өз ырқына қалай бағындыруға тырысып жатқандығында.

КСРО тараған соң, бұл елдерді өзінің экономикалық вассалына айналдыруды қытай бірден қолға алды. АҚШ тек табиғи ресурстарын өз бақылауына алып, демократиялық құндылықтарын тықпалаумен шектелсе, Ресей орыс барлауын пайдаланып, жоғары шенді шенеуініктерді компраматпен байлап матады.

Осы үш түрлі саяси-экономикалық шарғы өз нәтижесінен молынан берді. Аталған мемлекеттердің басшылығы мен билігі үш жаққа бірдей жағудың саяси технологиясын мықтап меңгергендері сондай, отандық және шетелдік саясаттанушылар өз сараптамалары мен талдауларында неге сүйенерлерін білмей дал болды. Өйткені, ОА басшылары үш күштің де көңілін тауып, экономикасын ілгерту үшін қаржы көзін инвестиция ретінде тарта білді.

РФ Украинаға соғыс ашқанынан соң, осы аймақтағы саяси ойын алаңында тек АҚШ пен ҚХР ғана қалды. Бұрын аяғын аңдап басқан Қытай жағының ОА елдеріне салған дәл ұазір $63 млрд асып жығылып отыр. Бұл Батыс пен АҚШ шымбайына қатты батуда.

Қазір қытай бір емес үш тізгінді, атап айтсақ, инвестиция, сауда және дипломатияны қолына ұстап, АҚШ келсең кел деп отырған жайы бар.

Ресейден босаған кеңістікті Қытайдан тартып алу үшін АҚШ пен Батыс қандай қадамға баруы мүмкін деген сауал әр қазақтың көкейінде жүр. Қытай саяси-экономикалық шахмат тақтасында өз жүрісін жасады. Ендігі жүріс Батыстан...

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364