«Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры ауысты
Айдар Рысқұлов «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.
Ол осы уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.
Айдар Қайратұлы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, сонымен қатар Назарбаев Университетінде алған МВА магистрі дәрежесі бар.
Осы жылдар ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, Халық банкі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеді.
Соңғы жеті жыл бойы «Самұқрық-Қазынаның» қаржылық активтерді басқару жөніндегі директоры, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.
Өткен жұмада Президент өкімімен оның алдындағы директор Нәзира Нұрбаева Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Abai.kz