Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 6027 14 пікір 29 Тамыз, 2023 сағат 12:55

Үкіметті енді кім басқарады?

1 қыркүйек еліміз үшін тек білім күні ғана емес, жаңа саясат маусымы да болып табылады. Бұлай дейтініміз Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Парламент палатасының бірлескен отырысын дәп осы күні шақырып отыр. 

Ұзынқұлаққа сенер болсақ, білім күнімен қосарластыра шақырып отырған себебі – «бастан құлақ садаға» дегізіп, Үкіметті тұттастай доғарысқа кетіру емес, қазіргі Премьер-министр Әлихан Смайыловтың орнынан алу үшін істелініп отырған қам-мыс.

Ендеше Смайыловтың орнына кім тағайындалуы мүмкін? Босаған жылы орынға қонжиатындар арасында Ерлан Қошанов, Мұрат Нұртілеу, Нұрлан Ноғаев және Ерболат Досаев есімдері аталып жүр.

Осы күзде болжанып отырған Премьер-министр Әлихан Смайыловтың доғарысынан кейін Үкіметті кім басқаратыны талқылана бастаған шақта, Ақорда кезекті рет кадр тапшылығына кезігіп отыр деп жазады сарапшылар. Әбіжіл қимылдайтын епті басшы табылмағаннан кейін, бұрынғы карталарды қайта араластырған шақта «Қошанов-Ноғаев-Досаев» үштағаны ел назарына ілікті.

Қалтарыстағы қуыршақ ойнатушылар Нұрлан Ноғаев кандидатурасын дұрыс деп тапқан сияқты. Ноғаевтың өзі соңғы рет Мемлекет басшысына кіргенде, осы мәселелердің де сөз болғанын жайып та салды.

Барған жеріне шөп шықпайтын Ноғаев дәуірі тұсында гүлденеміз бе, әлде шөлденеміз бе? деген ойға қалатын боламыз.

Егер ол емес қалған екеудің бірінің жолы болса ше!?..Сіз қалай ойлайсыз?

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320