Ақмола облысында сарбаздар арасында жұқпалы ауру тараған
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақмола облысында ауруханаға жатқызылған 40-тан астам сарбаздың жағдайын айтты.
Оның айтуынша, 41 сарбаз ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, бүгін беті беті қайта бастаған.
«Менингококк инфекциясы тіркелген, кейбірінде энтеровирус бар. Қазір маусымдық мискинфекция жүріп жатыр. Шамасы, біреу ауырып, басқаларға жұқтырған шығар. Науқастармен байланыста болған, ауру белгілері бар барлық адам оқшауланды. Бөтен кісі кіргізілмейді. Ауыр жағдайлар жоқ», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ҚР Үкіметінің отырысында.
Айта кетейік, Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшенің 40-тан астам әскери қызметшісі ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) белгілерімен жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды.
Олармен байланыста болған 5 адамнан минингоктық инфекция, 4 энтеровирустық инфекция анықталды.
Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасы басшылығының мәліметінше, жұқпалы аурулар орталығына 47 мерзімді әскери қызметші жатқызылған.
Науқастар 23 тамыздан жеткізіле бастаған.
Abai.kz