Жұма, 22 Қараша 2024
2249 5 пікір 30 Тамыз, 2023 сағат 22:58

Ресейдің бір бөлігі Қытай жері деп көрсетілген карта шықты

Қытайдың «Стандартты карталардың картографиялық қызметі» мемлекеттік сайты 2023 жылға арналған ресми бекітілген географиялық карталардың жаңа жинағын шығарды. Онда Ресей аумақтарының бір бөлігі Қытайдың бөлігі ретінде белгіленген. Бұл туралы РБК  жазыпты. 

Қытай мен Ресей (СССР — ред.) 1964 жылдан бері Амурдағы Үлкен Уссурий аралына таласып келеді. 2008 жылы екі ел келісім жасасып, арал екіге бөлінген еді.

Жаңа картада бұл аймақ елдің шығыс жағындағы ең шеткі нүкте ретінде көрсетілген.

«Типтік карта Қытай мен басқа да елдердің шекарасын жобалаудың ұлттық стандарттарына сәйкес жасалған. Жаңа ресми карталар жинағы жаңалықтарда, кітаптарда, жарнамалық материалдарда иллюстрация ретінде пайдалануға арналған. Оларды анықтамалық карта ретінде де пайдалануға болады»,— делінген хабарламада.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320