Мақсат Ілиясұлы: Асылжан Мамытбеков әлемжелідегі достарымен кездесті
Кеше Астанада ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков өзінің әлеуметтік желідегі, дәлірек айтсақ facebook.com желісіндегі достарымен кездесті. Осы кездесудің басты себепкері әрі ұйымдастырушысы болған белгілі заңгер, блогер, қоғам белсендісі Мақсат Ілиясұлынан кездесу туралы сұраған едік.
- Мақсат Ілиясұлы, министрмен кездесу қалай өтті, қанша адам қатысты, қандай мәселер көтерілді, сұрақтардың бағыт-бағдары қандай болды?
- Тікелей министрмен кездесуге 20-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында белгілі саясаткерлер де, бизнесмен-фермерлер де, блогерлер де, журналистер де, заңгерлер де болды. Әрине, Асылжан Сарыбайұлы ауыл шаруашылық министрі болғанан кейін сұрақтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы мәселелеріне, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тұрғысында өрбіді. «Желідегі жазылғандардың бәрін өзіңіз жазасыз ба? Ешкім көмектеспей ме?» деген сияқты сұрақтар да болды... Жалпы қалжың да, сын да, ащы, өткір сұрақтар да қойылды. Кездесу министрлік сайтында онлайн режимде өткендіктен жүзге тарта адам сұрақ қойды, 47 пікір айтылды. Жалпы әңгіме 3 сағатқа жуық уақытқа өрбіді.
- Өзіңізді мазалаған, сіз қойған негізгі сұрақ қандай еді және оған тұшымды жауап ала алдыңыз ба?

- Мен бір бірімен тікелей байланысы бар үш сұрақ қойдым. Оның бірі Кедендік Одаққа, Еуразиялық Одаққа мүше болу отандық ауыл шаруашылық өнім өндірушілерге қалай әсер етуде? Қазіргі кезде Кедендік Одаққа мүше елдерден үлкен көлемде ауыл шаруашылық өнімдерін сатып аламыз. Бұл отандық шағын және орта бизнестің дамуына залалын тигізіп жатыр. Осы мәселені шешуде, яғни отандық өнім өндірушілерді қорғауда министрлік нақты қандай шаралар қолдануда?
Екінші сұрақ: Кедендік одаққа кіретіні бар, кірмейтіні бар көптеген елден ауыл шаруашылық өнімдерін импорттаймыз. Ет, сүт, майды айтпағанның өзінде Ресейден сәбіз де келіп жатыр. Нақты сұрақ, қанша мемлекеттен қандай ауыл шаруашылық өнімдерін импорттаймыз, олардың көлемі қандай? Дәл сол тауарлар Қазақстанда қандай көлемде өндіріледі, олардың бәсекелестік қабілеті қандай?
Үшінші сұрақ: Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға талпынып жатырмыз. Егер Қазақстан ұйымға мүше болса ауыл шаруашылық өнімдер өндіретін отандық шағын және орта бизнестің жағдайы қалай болады? Бізде ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорт көлемі қанша және ол нақты қандай өнімдер? Жалпы Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерін тұтынуда импорт көлемі көп пе, экспорт көлемі артық па?
- Сауалдарыңыз жақсы екен, жауапқа қанағаттандыңыз ба?
- Жоқ, қанағаттандым деп айта алмаймын. Себебі бұл сұрақтардың ауқымы өте кең әрі маңызды мәселелер. Әрине, министр бұл сауалдарға қысқаша жауап берді. Бір ғана мысал айтайын, министрдің айтуы бойынша Кедендік одаққа мүше Ресей мен Белорус елінен бізге кіретін ауыл шаруашылық тауарлардың жалпы алғандағы құны 1.5 милрд доллар болса, Қазақстаннан сол екі елге шығатын тауарлардың жалпы құны 300 млн долларды құраған. Бұл қуанарлық жағдай емес.
Жалпы бұл сұрақтар бизнесменнің де, фермердің де, тіпті қорасында 20 қойы, 10 сиыры бар отбасыларды да ойландырып, алаңдатып отыр. Қазір ауылда малын, етін сата алмай жүргендер, астығын, картоп, сәбізін сата алмай зар илегендер аз емес. Себебі жоғарыда айтқанымдай, Астананың дүкен сөрелерінде Ресейдің сәбіздері, басқа да жеміс-жидек, сүт, еттері самсап тұр. Тіпті сол елден келетін еттің құны Қазақстанға жеткізу құнын қоса есептегенде отандық еттің құнынан төмен. Бұл әрі қауіпті, әрі қолайсыз жағдай.
-Бұл мәселені министр немен түсіндірді?
- Қазақстанға шет елден, әсіресе мына кедендік бақылау жойылған соң Кеден одағына мүше елдерден контрабандалық тауарлар өте көп көлемде келуде. Сондай жолмен келіп жатқан тауарлардың сапасы да, тұтыну мерзімі де талапқа сай емес. Сондықтан да сапасыз, тұтыну мерзімі өтіп кеткен тауарларды арзан бағамен, құжаттарын, этикеткаларын өзгертіп біздің елге жіберіп жатыр. Бұл туралы министр де ашық айтты және оны біз де біліп отырмыз. Алайда мұндай тауар тасқыны, контрабанда толастайын деп отырған жоқ. Контрабандамен күрес Ауыл шаруашылығының құзырына кірмейді, солай болса да басқа министрліктермен, ведомствалармен бірлесе жұмыс істеп жатқанын айтты.
Ең негізгісі жоғарыда қойылған сауалдарға алдағы уақытта министр жан-жақты, сараптама түрінде өз материалын береді деп ойлаймын. Мен сондай өтініш жасадым.
- Басқа қандай өзекті мәселелер айтылды?
- Ауыл шаруашылығында өзекті емес мәселе жоқ. Оның ішінде ауыл шаруашылық өнім өндірушілерге субсидия беру, несие мәселесі, қаржы алу үшін кепіл заттың жетіспеуі, ветеринарияны дамыту, сүт, ет, құс өндірушілер қауымдастығын мемлекеттік қолдау, айта берсең толып жатыр. Астық өндіру мен оны сақтау, экспорттау мәселесі де, тіпті ауыл шаруашылық техникаларын Қазақстанда құрау да назардан тыс қалған жоқ.
- Жалпы бұл кездесуді қарапайым халық қалай қабылдады? Оны жәй министрдің кезекті пиары ретінде қабылдады ма, әлде дұрыс деді ме?
- Шыныны айту керек соңғы кездері Abai.kz сияқты қазақ сайттыры мен әлеуметтік желілердің қоғамымыздағы орны, маңызы жылдам артып келеді. Осыған байланысты әлеуметтік желіде отыратындар қатары да жылдам артуда. Сол желіге министрлердің, әкімдердің шығып, халықтың көкейіндегі сауалдарына бірден жауап беруі, ведомстваның тыныс-тіршілігімен таныстырып отырғаны өте дұрыс. Бұл мәселеде Асылжан Мамытбеков пен Әсет Исекешевтің желіні дұрыс пайдаланып отырғаны қуантады. Болашақта барлық министрлер, әкімдер, тіпті Премьер-министр осындай кездесулер өткізіп, елмен байланыс орнатқаны жөн және ол істе біз бірге жұмыс істеуге, бастамашы болуға әрдайым әзірміз. Осы кездесуді біз белгілі журналист, осындай шараларды ұйымдастыруда тәжрибесі мол Серік Мәмбетов екеуіміз ұйымдастырдық. Бұл істі бірге одан әрі жалғастырмақ ниетіміз бар.
- Келесі кездесу кіммен болады?
- Осы жұма күні Әсет Өрентайұлы дәл сондай кезедесу ұйымдастыруда. Ал біз халыққа тікелей маңызы бар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау саласы басшылары осындай кездесулер өткізіп, елдің, халықтың мұң-мұқтажына, сауалдарына жауап беріп, өз істерімен таныстырғандары жөн деп есептейміз. Қазіргідей халық пен билік арасындағы байланыс алшақтап, халықтың билікке деген сенімі азайып, реніші көбейіп тұрған уақытта мұндай шаралар өте керек. Сондықтан біз екі араны жақындастырып, билік пен халық арасындағы алтын көпір болуға әрдайым дайынбыз.
Ол ең алдымен биліктің өзіне, министрлер мен әкімдерге керек, әрине халық та өз мәселесінің шешілгенін, үндерінің, жанайқайларының басшыларға жеткенін қалайды.
Abai.kz