Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Ауыс-түйіс 3043 13 пікір 1 Қыркүйек, 2023 сағат 17:25

4 министр қызметтен алынды. 5 министрлік құрылды

Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты. 5 министрлік қайта құрылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен: 

▪️Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.

Abai.kz

13 пікір