Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3803 0 пікір 10 Шілде, 2013 сағат 21:00

Интерент-конференция: Нұржан Жалауқызы (4-жауап)

Көрермені көп Ұлттық арнаның қызметіне қатысты пікір мен игі тілектер де көп. Сын да аз емес. Осының бәрі түптеп келгенде «жақсы болсы екен» дегенге саяды. «Қазақстан» арнасының маңдайы жарқырап өзгелерден оқ бойы озық тұрса екен, бар керегімізді осы арнадан тапсақ екен» дейді жұрт. Бұл, сөз жоқ дұрыс талап. Алайда ел іші де жылт еткен жаңалықты көріп, бағалай  білуі керек. Әңгіме осы бағытта өрби келгенде интернет-конференциямыздың қонағы Нұржан Жалауқызы: «Шығармашылық жұмысты бағалау шығармашылық ЖАҢАШЫЛ көзқарасқа да тікелей байланысты», - деді. Жөн айтады.  

 

Жеке өміріңіз туралы білуге болады ма? Келбетті, көркем жансыз. Диета ұстап, шопингке барасыз ба, әлде табиғи бітіміңіз осылай ма? Қандай тағамдарды ұнатасыз? Үйде тамақ жасайсыз ба, әлде, аспазшыңыз бар ма? Қолыңыз бос кезде қайда барғанды, не істегенді ұнатасыз?

Көрермені көп Ұлттық арнаның қызметіне қатысты пікір мен игі тілектер де көп. Сын да аз емес. Осының бәрі түптеп келгенде «жақсы болсы екен» дегенге саяды. «Қазақстан» арнасының маңдайы жарқырап өзгелерден оқ бойы озық тұрса екен, бар керегімізді осы арнадан тапсақ екен» дейді жұрт. Бұл, сөз жоқ дұрыс талап. Алайда ел іші де жылт еткен жаңалықты көріп, бағалай  білуі керек. Әңгіме осы бағытта өрби келгенде интернет-конференциямыздың қонағы Нұржан Жалауқызы: «Шығармашылық жұмысты бағалау шығармашылық ЖАҢАШЫЛ көзқарасқа да тікелей байланысты», - деді. Жөн айтады.  

 

Жеке өміріңіз туралы білуге болады ма? Келбетті, көркем жансыз. Диета ұстап, шопингке барасыз ба, әлде табиғи бітіміңіз осылай ма? Қандай тағамдарды ұнатасыз? Үйде тамақ жасайсыз ба, әлде, аспазшыңыз бар ма? Қолыңыз бос кезде қайда барғанды, не істегенді ұнатасыз?

-  Табиғи болмысым да, бітімім де ата-анамнан дарыды десем болады. Жұмысбастылық менің ең жақсы да,  жаман да қасиетім деп өзіме -өзім күлетін де, жұбататын да кездерім бар. Дәмі тіл үйіретін тағамдардың бәрі ұнайды.   Қолым сәл босай қалған сәтте 3 жастағы немере ұлым мен он айлық қыз немереммен уақыт өткізгенді, оларды еркелеткенді ұнатамын. Дүниедегі ешбір нәрсемен салыстыруға болмайтын әдемі сәттер осы немерелердің жанында десем артық емес. Өз анаң мен әкеңнің өзіңе деген махаббатын тереңнен сезінетін, бауырларыңның жылылығын айқын түсінетін кездерің де осы немерелеріңе қарап отырып ойыңа оралады. Сабырлымын десем болады,  ашық мінезім де бар... адами қасиетті қадір тұтамын. Бірақ  жалғандықты, жағымпаздықты жаным сүймейді.  Адам баласы қай кезде де имандылығын жоғалтпағаны абзал.

Жастарды кәсіпке, жаңа мамандыққа үйретіп, қызықтыратын танымдық бағдарламалар болса, және Әлемдік жағрапиялық қордың үздік бағдарламалары қазақ тілінде берілсе жақсы болар еді.

- Өте орынды сұрақ. Сауал Ұлттық арнаға қатысты болғандықтан, тек осы телеарнаға қатысты жауап берейін. Жаңа маусымда  «Мың түрлі мамандық» деген бағыттағы танымдық жоба эфирге шығады.  Еліміздегі мамандықтардың әр алуан түрі басты кейіпкерлері арқылы көрермендерге таныстырылатын болады. «Жиханкез» жобасының жаңа өнімдері  шет елдерге сапарларын жалғастырады әрі алыстағы елдің адамдары мен мәдениетін, тарихын қазақ көрермендеріне жақындастыра түсетін болса, «Мәлім де беймәлім Қазақстан» бағдарламасы еліміздегі тарихи орны бар өлкелерді әдемі видеолары мен тілшінің әңгімесі арқылы көрермендерге ұсынады. Әлемдік жағрапиялық танымдық деректі фильмдер қазірдің өзінде Ұлттық телеарнамыздың эфирінен беріліп келеді. Қазақ тілінде. Алдағы уақыттта да осы дәстүр жалғаса береді.

Сәлеметсізбе Нұржан апай!Әлемдік арналарды айтпағанда мына Ресей телеөнімінде табиғат аясында қамтылатын бағдарламалар көп. Мысалы,«охота и рыбалка» сияқты. Айтпағым Қазақ жері Аллаға шүкір тауға да өзен-көлге де бай.Осындай көрікті мекендерді неге түсірмеске?  Ана бір жылы Атажұрт деген танымдық жақсы бағдарлама болды. Жеріміздің көрікті жері мен аңшылығы туралы танымдық бағдарламларды неге экранға шығармайсыз?

- Ұлттық «Қазақстан»  мен «Мәдениет» телеарналарына көз салсаңыз, еліміздің көрікті мекендері жайлы хабарларды  көруге болады. Сапасы да жақсарды. Алтынемелдегі сусамыр құмы мен Орбұлақ шайқасы өткен тарихи жерлерді, Бурабайды, Алтай өлкесін эфирден жиі көруге болады. Арнайы жобалар да бар,  «Қазақ даласының құпиялары», «Мәлім де беймәлім Қазақстан» деп аталатын арнайы жобаларымыз да бар. Аптада бес күн таңертең эфирге шығатын «Таңшолпанда»  тарихи әрі көрікті жерлерге арналған айдардан да көруге болады. Аңшылық туралы тақырыптық арнайы бағдарламалар болды, бірақ тұрақты жоба жасауды  ойламаған екенбіз. Пікіріңіз үшін рахмет. Әріптестеріммен бірге ақылдасамыз деген ойдамын.

- Арнадан Ғалым Доскеннің кезіндегі "Мезгілдің" деңгейіне жететін сараптамалық хабар көргіміз келеді. Сол секілді "Күлтөбені" де қайта жаңғыртса дұрыс болар еді.
Жалпы телеарна жанынан қазақ тілінде арнайы телесариалдар түсіретін бірлестік ұйымдастыратын ойларыңыз жоқ па? Халық түріктің, кәрістің арзанқол телесериалдарынан мезі болып кетті. Түркияда болған кезде телеарналарымен таныстым. Онда бізде көрсетіліп жатқан имансыз кинолар көрсетілмейді екен. Сіздер неге шетелдің құрып қалған, көрерменді имансыздыққа, арсыздыққа насихаттайтын киноларын таңдап алуға құмарсыздар. Әлде өздері тықпалайды ма? 100 пайыз мемлекеттің қаражатын пайдаланып отырып, шетелден елді аздыратын киноларды сатып алғанша, сол қаражатты өз төл телеөнімдерімізді түсіруге неге жұмсамайсыздар?

-  "Қазақстан " телеарнасының эфирінде апталық "Апта. КЗ" сараптамалық бағдарламасы,  саяси-қоғамдық мәселелерді талқылайтын "Алаң", әлеуметтік-қоғамдық тақырыптарға құрылған "Айтуға оңай..." бағдарламалары – көрермендеріміздің көңілінен шығып жүрген  танымал жобалар. Бұлардан басқа да мықты жобаларымыз бар. Интернеттегі kaztrk.kz деп аталатын сайтымызда телеарналарымыздың бағдарламалар жүйесі үнемі жаңарып тұрады. Қарай жүріңіз.

Шетелдік өнімдерге келетін болсақ, телеарна көрермендерінің барлығының көңілінен шығады деп айту артық болар,  дегенмен көрермендердің басым көпшілігі көргісі келетін телевизиялық өнімдерді эфирге жоспарлаймыз. Осы жылдан бастап өзіндік өнімдердің санын әрі сапасын арттыру арқылы шетелдік телехикаялардың  санын азайтуды қолға алдық.

Нұржан Жалауқызы! "Қазақстан ұлттық арнасы" әлсіреп, нашарлап кетті. Көретін бағдарлама некен саяқ. Бұған ренжімейтін шығарсыз. Мен сіздің шама-шарқыңыз хақында айтып отырмын. Орыныңызды ауыстырғаныңыз жөн. Интеллектуалдық өресі биік, журналистиканың жілік майын шағып ішкен нағыз кәсіби маманға табыстағаныңыз жөн. Өйтпейді екенсіз жұрт көретін тұшымды бағдарламалар жасаңыз.

- Сұрақ қойғаныңызға еш ренжімеймін. Елдің бәріне бірдей ұнау мүмкін емес екенін де жақсы түсінемін. Аман болыңыз.

- Қазақстан арнасын "Кешір мені", "Келін" деген сериалдар үшін ғана көретін болдым. Бұрын Ғалым Боқаш, Қасым Аманжолдар істеген кездегі бағдарламалар, көруге тұрарлық дүние жоқ. Ойлап қарасаңыз ол кездегі қаржыландыру мен қазіргі қаржыландыруда айырмашылық жер мен көктей ғой. Ақша пішен! Идея жоқ! Идеология жоқ! Ойлап табатындарыңыз жаңалықтарды орыстар мен гректерге жүргіздіру. Онымен жұртты таңқалдыра алмайсыз. Арзан әрі анайы пиар. Ұлттық мемлекет құра алмай отырған уақытта Ұлттық арнаның тізгіншілерін қайдағы бір келімсектерге беру жарамайды.
Мейіржан Әлібек пен Гүлназ Әлімгерей де халықты әбден шаршатты. Екеуі де бір бастауыш сыныпта оқитын тақ-тақ етіп қалған "отличник" оқушылар сияқты.
Жаңа көзқарас, жаңа серпін керек арнаға. Хабардың кебін киіп жүрмеңіздер. Ол арнаны да "Керемет Сүйлеймен" үшін көретін едік, Ибрагим өлгелі қарағым да келмей жүр.
Халықтан қорқып, халықтың қалауынан шыға білу сіздер үшін парыз, сіздерге аманат!

Жалпы бұл каналға деген талап жоғары болу керек. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін материалдарға көбірек көңіл бөлінуі қажет. Өкінішке орай, соңғы жылдары телеарнаның деңгейі түсіп кетті. Танымдық көрсетілімдер мүлдем аз. Ал аталмыш арнаның түсіріп жатқан кинолары ешқандай сын көтермейді. Кейбіреулері сайқы мазақ. Сонан кейін ұлттық арнада отырып, ұлттық тілімізде сөйлей алмайтын жүргізушілерден арылуымыз керек. Қорыта айтқанда, нағыз ұлттық арнаны көргіміз келеді.

- Шығармашылық жұмысты бағалау шығармашылық ЖАҢАШЫЛ көзқарасқа да тікелей байланысты. Пікіріңізді ескеремін. Бірақ тұтастай  құптай алмаймын. Ұлттық  "Қазақстан" телеарнасында көрермендердің көңілінен шығатын жобалар қазір өте көп. Сіздің сұрағыңыз арқылы телеарналардың жұмысынан біршама хабардар екеніңізді аңғардым. Еліміздегі медианарықта ТНС Геллап деп аталатын тәуелсіз сарапшылардың зерттеулеріне сүйенсек, Ұлттық телеарна үстіміздегі жылы қазақ тілді телекөрермендерінің  жоғары таңдауына ие болуда. 100 пайыз  ана тілімізде хабар тарата отырып телеарналардың көшбасшысы болу үлкен мақтаныш, әрі зор жауапкершілік. Осы шыққан биігіміз қызметкерлеріміздің шығармашылық ізденісі мен талғамы биік көрермендердің көзайымына айналған жобаларды ұсына білуінде. Телевизиялық жаңа технологияны меңгеруге де үлкен мән беудеміз.

- Нұржан Мұхамеджанова басшылыққа келгелі ұжымның берекесі кірді. "Қазақстан" РТРК деген бұл үлкен ұжым. Сырттағы көрермен біле бермеуі мүмкін. Жақсы шығармашылық орта болу үшін әуелі сол ұжыммен санасу керек. Қазір кез-келген қарапайым қызметкер төрағаға кіріп өз ойын ортаға салады. Нұржан өте қарапайым. Бұрынғы басшыларымызға өзі шақырмаса, бас редактор да бас сұға алмайтын. Бұл бір. Екіншіден, Нұржан КазГУ дің қарашаңырақ ""журфагын" бітірген. Яғни, өз ішімізден шыққан журналист маман. /Ой біз не көрмедік, "Қазақстанды" кеденші басқарған кезеңді де көрдік қой./ Нұржан басшылыққа келгелі барлық телеарналар арасында оның ішінде орыс тілді бағдарламаларын қоса алғанда рейтинг бойынша суырылып алға шықтық. Жақсы дүниелер баршылық. Нұржан Жалауқызы іскер, мәдениетті, жаңашыл басшы!

-  Менің атыма айтқан жылы пікіріңіз үшін рахмет! «Жақсы сөз жаныңды жадыратады» дейді емес пе халқымыз. Қай кезде де жанымызда жүрген әріптестерімізге жылы сөз айтудан жалықпайық.                                                                                     

- Сәлеметсіз бе? Хабар оқитын дикторлар оқып отырғанда арасына бос сөздерді қыстыруларын қояр емес, осыған тоқтау бола ма? Сосын ана өңінен адам шошитындай болып қырықпа шәшпен шығатын қызды спорт жаңалықтарына шығармай-ақ қойыңыздаршы!

-  Сәлеміңізді алдым. Рахмет! Жаңалықтарды жүргізушілеріміздің көрермендерге ұсынылатын ақпараттарды түрлендіріп жеткізуге ұмтылыстарын қолдаймын.  Кейде сәтті шықпайтын «сөз қыстырулар» болып қалады. Тікелей эфирге дайындықпен шығу керектігіне үнемі назар аударамыз. Пікіріңіз орынды. Әріптестерім ойланар деген сенімдемін. Спорт жаңалықтарын ұсынатын Индира Бектеноваға келсек, жоғарыда да айттым, эфирдегі жүргізушілердің барлық көрермендерге бірдей ұнауы өте қиын шаруа. Ең бастысы тақырыпты білуі, өзін камера алдына еркін ұстау қабілеті болуы шарт. Индирамыз  каратэден спорт шебері. Спорт саласын жақсы біледі.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371