Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2457 6 пікір 5 Қыркүйек, 2023 сағат 13:41

Ресей Қостанайлықтарды соғысқа шақырған...

Ресейдің Қазақстанның Қостанай облысының тұрғындарын Украинадағы соғыс қималдарына қатысу үшін жалдағандығын Ұлыбританияның қорғаныс министерлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осы хабарламада: «2023 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша Ресей Украинадағы соғыс қималдарына қатысу үшін көрші елдердің азаматтарын жалдау үшін жеке тұлғаларға қарата хабарландырулар жариялай бастады. Қостанай облысында этникалық орыстар арасында жеке тұлғаларды тарту әрекетіне күш салынуда», – делінген.

Армения мен Қазақстанда тараған онлайн-хабарландыруда алғашқы жарғыны 495 000 рубль (5 140 АҚШ доллары) және жалақысын 190 000 рубль (2000 АҚШ доллары) көлемінде ұсынады деп атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Reuters журналистері Ресей және Қазақстан жалауы желбіреген «Арқаға арқа» («Плечом к плечу») ұранымен аттандаған интернет жарнаманың ғаламтор кеңістігін кезіп жүргенін жазған.

Ұлыбританиядан келіп түскен ақпарат бойынша, Ресей 2023 жылдың мамырынан бастап, Орталық Азияның мигранттарына Украинаға барып соғысуға өтініш жасап, азаматтықты жеңілдікпен алуға және 4160 АҚШ доллары арлығында жалақы уәде берген делінеді.

Бұл орайда «Ресей 2024 жылғы президент сайлауы қарсаңында өз ішінде бұрық ете түсетін әскерге жаппай алудың қарсылығын басудың бір шарасын қарастырып, соғыстағы алапат адам шығынының бодауы болуы үшін шетелдік азаматтарды бодандауды шұғыл қолға ала бастады», – деп есептейді Ұлыбританияның қорғаныс министерлігі.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369