Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі болды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы 8 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
2004-2007 жылдары – Мемлекеттік Хаттама қызметінің атташесі, Мемлекеттік Хаттама қызметінің үшінші хатшысы, Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, ҚР СІМ Кеңсесінің баспасөз қызметінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
2007-2011 жылдары – Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы; Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты-сектор меңгерушісінің м.а.; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; ҚР Парламенті Сенатының Аппараты.
2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы.
2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі.
2017 жылы – ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі.
2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылы – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
2021 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2023 жылғы ақпаннан осы уақытқа дейін Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.
Abai.kz