Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзгелер 2352 2 пікір 6 Қыркүйек, 2023 сағат 13:59

Бхарат: Үндістан мемлекет атауын өзгертпекші

Үндістан билігі мемлекет атауын Бхарат деп өзгертуді көздеп отыр. Мемлекет атауын өзгертуге қатысты қаулы қыркүйек айының соңында парламент қарауына ұсынылмақ.

Осылайша Үндістан үкіметі елдің ресми атауын «Бхарат» деп өзгертпекке қадам жасады. The Economic Times басылымы «аталған қарар 18-22 қыркүйекке жоспарланған парламенттің кезектен тыс сессиясында ұсынлуы мүмкін»,- деп хабарлайды. Осы орайда Конгресс жетекшісі Джайрам Рамеш G 20 ресми түскі асқа шақыруларына «Үндістан президенті» емес, «Бхарат президенті» қол қойғанын жұрт алдында растады.

Үнді парламентіндегі жетекші екі ұлттық партияның бірі болатын Бхаратия Джаната партиясының депутаты Раджя Сабха Нареш Бансал жоғары палатаның жақында аяқталған сессиясында атауды өзгерту туралы ұсынысты енгізді. Неге бұл қадамға барып отырғандарын: «Британдықтар Бхарат Үндістан атауын өзгертті. Біздің еліміз мыңдаған жылдар бойы Бхарат есімімен белгілі. Бұл ежелгі санскрит мәтіндерінде кездесетін елдің ежелгі атауы.

Үндістан атауы отаршыл болды, сондықтан құлдықтың символы болды. Үндістан атауын Конституциядан алып тастау керек», - деп түсіндірді.

Үндістандағы ресми тілдер - хинди және ағылшын тілдері екенін білеміз. Ағылшын тілінде бұл ел - Индия, ал хинди тілінде - Бхарат деп аталады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, «Бхарат» қазіргі Үндістанның өте ерте замандағы атауы, кейін мұсылмандар бел алып, «Бхарат»  мұсылман империяларының құрамына кірген соң, Үндістан сөзі баршаға танымал болды.

Сонымен бұл атауды өзгертуге деген ұмтылыс – елді мұсылман императорлары басқарған тарих кезеңін сызып тастау әрекеті деп ұғынамыз. Мұсылмандарды биліктен тайдыру үшін тұрғылықты халықты бір діндік тағантасқа біріктіретін қандай да бір идеологияны табуға талпыныс жасалып, Бхарата атауы ту етіп ұстанылды.

Бұған дейін Үндістанда бірнеше ірі қалалардың атаулары ұлттық дәстүрлерге сәйкес келетіндей етіп өзгертілген болатын. Атап айтсақ, 1995 жылы индустар мен мұсылмандар арасындағы қақтығыстан кейін Бомбей тәңірия Мумба Девидің құрметіне Мумбай болса, 1996 жылы Мадрас Ченнаиға айналып шыға келсе, ал Калькутта 2001 жылы Колькута деп өзгертілді.

Кеңес заманында NB - Нава Бхарат үнділік темекілері сатылғанын әлі есімде. Әлемдегі ең көне елдердің біріне отаршылдықтың орнына өзінің тарихи атауы қайтарылады. Бхарат - бұл бағзылық атауы ежелгі мәдени жәдігерлер Веда және Пуранның мәтіндерінде кездеседі. Егер үнді парламенті бұны құптаса, біз атақты Бхарат шайын ішіп, Бхаратиан Джонсты тамашалайтын боламыз.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357