Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Талқы 2054 14 пікір 12 Қыркүйек, 2023 сағат 12:58

Мектепте хиджап киюге рұқсат беру керек пе, жоқ па?

Сурет: Әлеуметтік желіден

Әйтеуір апта сайын елімізді ойға қалдыратын, санамызды дүр сілкіндіретін оқиғалар орын алып жатады. Жаңа оқу жылы басталған сәттегі мектеп шәкірттеріне қатысты сондай бір оқиға ҚМДБ Мүфтият оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты мәлімдеме жариялады.

Онда: «Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз... Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес... Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек», - делінген.

Бұған атеистік тәрбиенің шырмауындағылар: «ҚМДБ «Араб халифатының» шариғатын «Жаңа Қазақстанда» орнатпақшы ма?» деген даулы пікірді БАҚ пен әлеуметтік желіде қардай боратты. Олар орынсыз жерге пышақ ұрып, өздерінше екі қисындық пайымдауларын алға тартады:

Енді осы жерде сұрақ туады: «Балиғат жасы» деген қанша жас (жыл)? «Араб халифатының» алғашқы басшысы Мұхаммед әйелдікке алған қайсы қыздың күйеуге тигендегі жасын «балиғат» деп отыр? Айшаның ба, әлде басқасының ма? Мүфтият неге осының анықтап жазбайды екен ә?! Әлде дүмше молдаларға цифр жазу да күнә болып қалған ба?

Екіншіден, ҚМДБ Қазақстандағы қоғамдық көп ұйымның бірі ғана. Мұндай ұйымдар Қазақстанның заңдарын, Конституциясын басшылыққа алуы тиіс. Әлде ҚМДБ-ға ортағасырдағы «Араб халифатының» шариғатын (заңнамасын) зайырлы Қазақстан Республикасының азаматтарына таңуға арнайы құқық беріп қойған ба?

Сонда осылайша ҚМДБ Мүфтиятының дұрыс сөзін бұрысқа шығарушылардың көздегені не деген ойға қалады екенсіз!?

Бұл арада ҚМДБ Мүфтияты барша мектепте оқитын қыздарды емес, тек бес уақыт намазын қаза жібермейтін қыздарға қатысты сөз қозғап отыр. Сол себепті 1937 жылдағыдай «бай мен молданы қойдай қу қамшылай» дейтін заманды орнатушылардың аңсағаны не? Қазақты дінінен бездіру ме? Қазақстанның заңдарында, Конституциясында діни бостандыққа еркіндік берілген. Сонау 1990 бастап, күні бүгінге дейін жалғасқан ормал тақты екен деп шәкірт қыздарды ағаш атқа мінгізушілікке дін тұрғысынан жауап берген ҚМДБ Мүфтиятының дұрыс тірлігін бұрыс қылудың артында кімдер тұр, сонда?!

Abai.kz

14 пікір