Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
1663 0 пікір 25 Қыркүйек, 2023 сағат 12:37

«Ертіс орманы» РММ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының лауазымды тұлғалары орманды заңсыз кесуге қатысты болуы мүмкін. Бұл туралы Polisia хабарлады.

Павлодар облысының Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Ертіс орманы» ерекше қорғалатын аумағында орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру шараларын өткізген.

Мәселен, 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен «Ертіс орманы» резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді. Полицейлер «Ертіс орманы» РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту жүргізді.

«Тінту кезінде құжаттамадан басқа (шот-фактуралар, ілеспе құжат, есептілігі жүргізілмейтін орманды отауға қатысты және өзге де құжаттар), атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге «Ертіс орманы» РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін», — делінген мәліметте.

ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жария етілмеді.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048