Жұма, 22 Қараша 2024
1291 0 пікір 25 Қыркүйек, 2023 сағат 14:52

Өзбекстанда 450 бала уланып қалды

Наманган облысында жүздеген баланың ауруханаға түсуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы президенттің көмекшісі Саида Мирзияева мәлімдеді.

Ол президент Шавкат Мирзияевтің тапсырмасы бойынша 450 бала ауруханаға түскен аймаққа барды.

"Біз ауруханаға барып, балалардың жағдайын білдік. Балалардың жағдайы жақсы, көбі үйіне қайтты. Біз балалардың ата-анасымен сөйлестік", - деп жазды ол.

Мирзияева Наманган прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, бас прокуратураға жібергенін жеткізді. Іс "Санитарлық заңдарды және эпидемияға қарсы күрес ережесін бұзу" бабы бойынша қозғалған.

21 қыркүйекте Наманган облысына қарасты Чуст ауданында уланды деген күдікпен 70-тен астам бала ауруханаға түскен. Олар аудандағы тоғыз балабақша тәрбиеленушілері мен екі орта мектептің оқушылары болған.

Ата-аналар балаларға йод бергенін айтқан. Себебі Өзбекстанда әр сәрсенбі сайын балаларға йод бере бастаған. Балалар йодтан улануы мүмкін деген болжам айтылады.

Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда шығарылатын "Антиструмин" калий-йодын тергеу аяқталғанша қолдануға тыйым салды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5304