Министр: «Назарбаева қоқыс тасу бизнесімен айналыспайды»
Экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваның компаниясы елордада қоқыс шығарумен айналысып жатыр ма? Бұл сұраққа экология министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Жоқ, ол бұл іспен айналыспайды", - деп қысқа жауап берді министр тілшілер сұрағына.
Журналистер бұрынғы президенттің кіші қызының компаниясымен Астанада қоқыс шығаруға арналған ондаған мемлекеттік келісімшарт жасалғанын атап өтті.
"Менің ақпаратым бойынша, бүгінде Әлия Назарбаеваның компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайды. Егер ақпарат болса, мен оны бөлек талқылауға дайынмын. Жаңа жағдайларды ескере отырып, мен қалай болып жатқанын тағы да тексеріп көремін", - деп сендірді Нысанбаев.
Бұған дейін Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанада қоқыс шығару бойынша қызмет көрсетіп, қоқысты жағу бойынша зауыт салуды ұсынғаны хабарланған болатын. Нысанбаев брифинг барысында қазір Қазақстанда қоқыс жағатын кәсіпорын салу жоспары жоқ деп жауап берді.
Abai.kz