Жұма, 22 Қараша 2024
Өзгелер 2172 1 пікір 26 Қыркүйек, 2023 сағат 14:18

Латвия билігі: Қош бол, орыс тілді БАҚ!

Латвия орыс тілінде ақпарат таратуды тоқтатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Латвия радиосы мен телевидениесінің бірыңғай порталы хабарлады.

Латвияда орыс тіліндегі қоғамдық БАҚ 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысын тоқтатуы керек.

Латвия Ішкі істер министрлігі 2001 жылдан бастап әрбір төрт жыл сайын ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеп келеді. Осы аптада елдің Министрлер кабинеті жаңа тұжырымдаманың жобасын мақұлдады.

«Аталмыш құжат Латвияның парламентіне де, президенттік кеңсеге де жіберілді. Оны 1 қазанға дейін қабылдау керек», – деді Латвия ІІМ салалық саясат департаменті директорының орынбасары Имант Закос.

Орыстілді БАҚ-тың жұмысына тыйым салу туралы қаулы Қазақстанға да қажет екенін уақыттың өзі дәлелдеп келе жатыр. Әсіресе, Путин пропагандасының насихатшысына айналған, империялистік пиғылды ашықтан-ашық талқыға салатын ақпарат құралдарын ауыздықтау кезек күттірмейтін іс. Ал біздің Үкімет бұл сұранысты қанағаттандыра ма, жоқ па – екіталай мәселе.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308