Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2581 0 пікір 7 Қыркүйек, 2009 сағат 07:20

Премьер дүйсенбі күні бензин мен дизельдік отынның экспортына уақытша тыйым салу туралы үкімет қаулысына қол қоймақ

Астана. 7 қырқүйек. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов дүйсенбі күні бензин мен дизельдік отынның экспортына уақытша тыйым салу туралы үкімет қаулысына қол қоймақ.

«Қаулыға бүгін күннің соңына дейін қол қоямын», деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов дүйсенбі күні үкіметтің отырысында ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаевтың бензин мен дизельдік отынның экспортына тыйым салу туралы қаулыны қабылдауды жеделдету туралы өтінішіне жауап бергенде».

АШМ басшысы егін орағы барысында АИ-80 маркалы бензині жетіспей жатқанын жеткізді.

Ал ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев үкімет үйінде журналистердің сұрақтарына жауап бергенде, мұнай өнімдерінің экспортына уақытша тыйым салу жыл соңына дейін енгізілетінін жеткізді. Алайда ол 31 желтоқсанға дейін экспорттауға уақытша тыйым енгізілетін мұнай өнімін нақтылаған жоқ.

Бұрын хабарланғандай, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовқа Қазақстаннан бензин мен дизельдік отынның экспортына уақытша тыйым салу туралы үкімет қаулысының жобасы енгізілген болатын. Құжатқа сәйкес, «бензинді шығаруға тыйым биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін, дизотынға 1 қазанына дейін енгізіледі».

Қаулының жобасын ұсынушы энергетика және минералдық ресурстар министрлігі болып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392