Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 2432 0 пікір 2 Қазан, 2023 сағат 11:45

Төртінші алтын қоржында: Азиададағы ахуал қалай?

Бүгін Қазақстанның спортшылары ХІХ жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэден ескек есу бойынша чемпион атанып, қоржынымызға 4-ші алтынды салды.

Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов 50 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды. Олар бұл қашықтықты 1:49.01-та еңсерді. Отандастарымыз Жапония құрамасын (1:49.237) және Ираннан келген жұпты (1:50.486) басып озды.

Биылғы Азиа ойындары қыркүйектің 23-інен басталған болатын. Қазақстан медальдардың жалпы есебі бойынша Корея Халық демократиялық республикасынан кейінгі 13-і орынға жайғасты. Қазақстанның еншісінде 4 алтын, 7 күміс, 25 қола (жиыны 36 медаль) медаль бар.

Үздік үштіктің тізімінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея тұр.

Естеріңізде болса, қысқы Азия ойындары Қазақстанда 2011 жылдың 30-қаңтар – 7 қаңтар аралығында өткен еді. Сол кезде Қазақстан медальдардың жалпы есебі бойынша 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль (жиыны 70 медаль) алып, үздік боп танылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303