Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2452 0 пікір 7 Қыркүйек, 2009 сағат 07:23

Алматыда жаппай төбелес кезінде жеті адам қарудан жарақат алды

Алматы. 7 қырқүйек. ҚазТАГ –Жұма күні кешке Алмалы ауданында төбелеске қатысқан Алматының декоративті және қолданбалы өнер колледжінің (АДҚӨК) үш студенті және төрт жұмыссыз қарудан алған жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Агенттікке төбелес туралы ақпаратты қалалық ІІД қуаттады.  

Белгілі болғанындай, алдын ала мәліметтер бойынша, АДҚӨК, ҚазМУ, ҚазҰТУ,  ҚМЭБИ студенттері мен олардың жұмыссыз жолдастары қатысқан төбелес колледждің Манас көшесінде орналасқан жатақханасының маңында шыққан. Жастар 45 минут бойы төбелескен, содан кейін біреулер қалалық жедел қызметтерге төбелес, атыс және бірнеше адамның жарақат алғаны туралы хабарлаған.

Жастарды тәртіпке келтіру үшін патрульдік және жол полициясының, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (бұрынғы «Күзет» – ҚазТАГ) онға жуық наряды және ІІД мен АІІБ түнгі іздестіру және жедел-тергеу топтары жетті, дейді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Жастары 18-20 шамалас зардап шеккендердің арасында АДҚӨК үш студенті және төрт алматылық (біреуі басқа аймақтан келген, үшеуі алматылық) бар. Қаланың түрлі емдеу мекемелеріне жеткізілген жастардың ахуалы туралы ештеңе хабарланбай отыр. Стационарлық ем қабылдап жатқан бес жігіттің кем дегенде екеуінің жағдайы ауыр. Қалғандары дәрігерлік көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді, – деп түсіндірді дереккөздер.

Қылмыстық тергеудің болжамына сәйкес, төбелес пен атысты жатақханаға Toyota Camry көлігімен келген жастар бастаған, – дейді құқық қорғау органдарының өкілдері. «Перехват» жоспары бойынша іздеуге жарияланған шетел көлігін алты күдіктімен бірге Бостандық ауданында Хамит Ерғали және Бұқар Жырау көшелерінің қиылысында ұсталған.

Олардың арасында Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің 2-3 курсының төрт студенті, біреуі ҚазҰТУ-дің бірінші студенті және біреуі жұмыссыз бар. ҚазМУ-дің және ҚМЭБИ екінші курс студенттері, барлығы үш адам іздеуге жарияланды.

Оқиға орнынан жиналған гильза мен оқ-дәрі тиесілі аңшы мылтығы әзірге табылған жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388