Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4010 4 пікір 5 Қазан, 2023 сағат 17:15

Сенатор: Қос құжатты депутаттар да шығып жатыр...

«Естімеген елде көп, есек мінген сартта көп» дегендейін партияларға сенім артқан сайлаушыларды селт еткізген оқиға Мәжіліс қабырғасынан шықты.

Нақтылап айтар болсақ, бізде аузыңды аңқитып, қос азаматтықпен депутаттық мандатты қалтаға басатын пысықайлар да бар екен.

Енді мәселенің анық-қанығын сөз ететін болсақ, сенат спикері Мәулен Әшімбаев жерден жеті қоян тапқандай: «2022 жылы қос азаматтықтың 841 фактісі анықталды. Ал, биылғы жылы, яғни, қаңтар мен қазан аралығында 525 тұлғаның қос азаматтығы барлығы белгілі болды. Қосар азаматтығы барлардың арасында жергілікті органдардың депутаты болғандығы жайтары да кездесіп қалады», - деп дүңк еткізді.

Бейсенбі күнгі сенаттағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңның жобасын талқылауды қорытындылаған Әшімбаев өз ойын: «Біз осы келісім де, қалған қол қойылғандары да Қазақстан Конституциясының орындалуына қызымет етеді дегенге кәміл сенеміз», - деп түйіндеді.

Осылайша Сенат қосар және екінші азаматтыққа қырғидай шүйлігіп, буырқанып бір алған соң, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңның қабылдануын құптады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366