Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 2813 1 пікір 6 Қазан, 2023 сағат 13:02

Қазақстан мен Қырғыстан қылмыс әлеміне соғыс ашты

Кеше, яғни, қазан айының 5-і күні Ұлттық қауіпсіздік баспасөз қызметі қылмыстық топтардың 72-і мүшесі ұсталғанын хабарлады. Хабарламада ҰҚК-нің полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізгені айтылады.

Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілген.

Топтар өз әрекеттерін Қытаймен («Қорғас» ХШЫО), Өзбекстанмен («Жібек жолы» өткізу пункті) және Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.

Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, қазанның 4-і күні қырғызстандық қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаев (Камчыбек Асанбек) Бішкекте оққа ұшқан болатын. Ол Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің арнайы операциясы кезінде қарулы қарсылық көрсеткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364