Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3176 0 пікір 16 Тамыз, 2013 сағат 07:57

Абай Нұрмағанбет. Көкшетауды көкесінің үйіндей көретін ингуштар

 2007 жылы Көкшетаудағы ауылшарушылық мекемесіне директордың орынбасары болып жұмысқа тұрдым. Сол кезде Ақмола облысындағы сегіз элеваторды ингуштар жекешелендіріп алған екен. Жергілікті қазақтарды «баран» деп атайтын оларға әй дейтін әже қой дейтін қожа жоқ. Біздің үкімет ерекше бақылаудағы нысандар заңсыз жекешеленген деп элеваторларды өзіне қайтып алмақ болды. Тегін ақша түсіп тұрған элеваторды ингуштер бергісі келмей әлек. Сонымен біздің фирма маусымға екіжүз мың доллар төлеп 63 пайыз, ингуштар жүз мың төлеп 33 пайыз акцияға иелік ететін болды. Біз келгенге дейін халықтың сақтауға берген астығын ингуштар өз астығындай пайдаланып келген. Комбинатты біз алғаннан кейін өз адамдарымызды қоя бастадық. Комбинатқа кіріп шығатын қақпаға өз адамымызды қойдық.

Біздің ұлықсатымызсыз ингуштар элеватордан камаз көлігімен астық шығара бастады. Мен шығатын қақпада отырған қызметкерге әр шыққан машинаны жазып отыр деп тапсырма бердім. Маусым біткенше олар элеватордан заңсыз жүз машинадан әрі астық шығарып үлгеріпті. Маусым біткенде олар: «Біздің қосқан ақшамызға астық беріңдер, біз өз жөнімізге кетеміз» деп шарт қойды. Мен қай күні, қай сағатта қанша тонна астықты қандай нөмірлі машинамен алып кеткенін айтсам да мойындайтын емес. Күзетшіні соққыға жыққан. Мен бір ингушты ұрып тастадым. Қызметкерлердің бәрін қорқытып қойған. Олар комбинатта өз үйлерінде жүргендей сезінеді. Полиция келіп мені жауып тастады. Үш ай абақтыда жаттым. Алматыдағы генерал ағамыздың араласуымен әрең шықтым. Элеватор елге әлі жетпей жатыр. Мемлекеттік маңызы бар нысандарды сатып кіріптар болған біздің үкіметтің жүрісі мынау. Өз отанында өз мүддесі аяққа тапталған неткен сорлы ел едік! Нан шығарушы Бақтияр деген кавказдық болса ештеңе білмеймін деп жолатар емес. Нан жеткізуші қасқа Құдай біледі деп айтайын, бұл кезде таяқ жеп ауруханада жатқан шығар. Болмаса мен құсап таксиге отырған болар...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364